Қызылордада жұмыссыз қалған депо қызметкерлері наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+40 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада жұмыссыз қалған депо қызметкерлері наразылық білдірді

Қызылордада жұмыссыз қалған депо қызметкерлері наразылық білдірді

Елімізде жұмыссыздар саны тағы 300 адамға өспек. Бүгін Қызылордадағы локомотив депосының еңбеккерлері қолдарына жұмыстан босатылатындығы жөнінде ескерту қағазын алды. Бұған кәсіпорынның енді депо емес, шетелдік компанияға қарасты қосалқы бөлшек өндіретін зауытқа айналуы себеп. Жаңа қожайын оған 15 адамды ғана қабылдауға келісім берген. Ал қысқартуға іліккендері басқа жерден жұмыс беруді талап етті. 

  • 11 Қыркүйек 2013
  • 420
Фото - Caravan.kz

— Кеше келген польяк «15-ақ адам алам» дейді. Ей, сонда 300-і қалды ма далада? Ол 300-дің артында қатыны, әкесі, шешесі, баласы, анаусы-мынаусы қалды! Олар қайда қалды?!

Бұл Қызылордадағы «Қамқор Локомотив» деп аталатын депоның жоспардан тыс, шұғыл өткізілген жиыны. Оған кеше мекеменің 300-ге тарта еңбеккері қолына жұмыстан босатылатындығы жөнінде хаттаманың берілуі себеп. Сондықтан, бас қосуға келген жұрттың дені ызылы. Талаптары мен құқықтарының тапталғанына наразы.

Гүлбану Қонысбаева, депо жұмысшысы:

— Ішкеніміз ірің, жегеніміз желім болды. Үйімізде ұрыс-керіс. Күйеуім жұмыс істемейді. Екі балам бар, кітаптарын әлі алынғам жоқ. Біз білмейміз қайда баратынымызды.   

Мекеме басшылығы «қысқартуға келісіңдер» деумен ғана шектеледі. «Бірден 300 адамға өзге орыннан жұмыс тауып беруге қауқарлы емеспін» деп.    

Ахметбек Балымов, «Қамқор Локомотив» ЖШС директоры:

Жұмыс көзінің азаюына байланысты мен тағы да қайталап айтамын,шешім қабылданды. Бірақ қайталап айтамын, 300 адамға бірден әкеліп жұмыс тауып беріп, Қызылорда депосы жауылып жатыр деп ешкімде уәде бере алмайды. Айттым ғой өткенде. Айттым.

Ал негізі жаппай қысқартуға мекеменің польшалық компанияға сатылып кетуі себеп екен. Яғни, облыс басшылығы шетелдіктермен инвистициялық келісімге келіп қойған. Сөйтіп, депо енді теміржол құрылысына қажетті қосалқы бөлшектер өндірітен зауытқа айналмақ. Бірақ ірі жобаның нақты  қашан іске қосылары беймәлім. Десе де облыс басшылығы қысқартуға іліккендердің бірде -бірін далада қалдырмауға уәде етті.


Ғалым Әміреев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:

— Бір мәселе бар енді, айылық жағынан ұтылуы мүмкін. Бірақ енді оны келісіп, «Қазақстан теміржолымен» арнайы жұмыс тобын құруға біз дайынбыз.

Алайда елдің естуінше, жаңа орынға тек 200 адамға ғана сұраныс түсіпті. Демек өзгесінің өзіне ғана сенуіне тура келмек. Оның үстіне жиын барысында жұмыссыз қалатындардың  қолына 100 мың теңгеден өтемақы берілетіні күдікті күшейте түскендей.