Қызылордадағы сарбаздардардың неден уланғаны мәлім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордадағы сарбаздардардың неден уланғаны мәлім болды

Қызылордадағы сарбаздардардың неден уланғаны мәлім болды

Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қаладағы №55/47 әскери бөлімінің сарбаздары арасында  бір мезгілде топтасқан жедел ішек ауруының тіркелуіне байланысты түскен құжаттарды зерделеп, төмендегідей эпидемиологиялық алдын-ала тұжырымдаманы ұсынды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Сәуiр 2014
  • 523
Фото - Caravan.kz

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына келіп түскен 27 науқастың бактериологиялық зерттеу қортындысында «дизентерия Флекснера II-а» қоздырғышы анықталды. Аталмыш ауру су арқылы таралады.

«Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылының тұрғындар арасында ЖЖІА-і тіркелмеуі және тек №55/47 әскери бөлімінің сарбаздары арасында орын алуы аурудың бір жерде, локалды шоғырланғаны, яғни №55/47  әскери бөлімінің ішкі су жүйесінің жағдайымен байланысты екенін көрсетеді.

№ 55/47 әскери бөлімінен 13.04.2014 жылы Қызылорда облыстық санэпидсараптама орталығымен алынған 7 су сынамасының 100 пайызында жалпы колиформды бактериялар бойынша сәкессіздігі ауыз судың сапасыз екенін көрсетті» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған әскери бөлімнің сарбаздары дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ аурудың алдын-алу мақсатында Қызылжарма ауылының тұрғындарына бактериофагтар таратылуда. Ал, әскери бөлімнің ішкі су жүйесіне 17 сәуір күні залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.