Қызылжар қайыршылардан арылар емес - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжар қайыршылардан арылар емес

Қызылжар қайыршылардан арылар емес

Қызылжар қайыршылардан арылар емес! Тәртіп сақшыларының қаңғырғандарға айыппұл салғаннан басқаға шамалары келмейді. Оның өзін төлеп жатқан ешкім жоқ. Екінші рет ұсталғандары ары кетсе бір тәулікке абақтыға қамалады. Ал бір түн болса да, жылы жерде қонып, үш мезгіл тегін тамақ ішу қайыршылар үшін жаза емес, құрмет екен.  

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 202
Фото - Caravan.kz

Сергей есімді мына жігіт небәрі 35 жаста. Ішіп жүріп,екі аяғын  үсітіп алыпты. Еш жерде жұмыс істемейтін ол қайыр сұрап күн көріп жүр. Күніне құрығанда 1-2 мың теңге табады екен. Онысына алатыны – тамақ пен арақ. Тәртіп сақшылары Сергейге талай рет айып салған.

Ал ірі сауда орталығы маңында күнде тұратын мына кемпір тәртіп сақшыларын көре сала, қымбат ұялы телефонын алып шығып сөйлескендей күй танытты. Олардың көзін ала бере, қалтасынан тостағын шығарып  мүсәпір күйге түсе қалды. Тәртіп сақшыларының оны тоқтатып айыппұл саламыз дегенінен де түк шықпады.

Заң бойынша тәртіп сақшылары  ұсталған тіленшілерге 10 мың теңгедей айыппұл салады. Бірақ күнін әрең көріп жүрген қайыршылар оны мүлдем төлеп көрмеген. 

Асан Смағұлов, СҚО ІІД ӘПБ бөлім бастығы:

— Біз бір аптада 101  қайыршыға айыппұл салдық. Тағы 4 адам қайтара тәртіп бұзғаны үшін сот шешіміне сай бір тәулікке қамалды.

Бір қызығы қысы қытымыр болса да Қызылжарға қайыршылар шетелден де келеді екен. Былтыр осы кәсіппен айналысып жүрген  Тәжікстанның 4 азаматы елдеріне қайтарылыпты.

Соңғы жаңалықтар