Масаның көптігі сонша, қансорғыштар күндіз де тыныштық бермейді. «Кешке қалалық саяжайға шығып серуендеуден мүлде қалдық» дейді арба сүйреткен аналар.
Асыл Жақыпбекова, Петропавл қаласының тұрғыны:
-Арнайы масаға қарсы кремдер жақсақ ол да көмектеспейді. Балалармен шығудан да қалдық далаға.бишара балалар, талап тастайды. Түні бойы қышынып қышынып жатады.
Биылғы тасқын мен жауынның көп түсуі топырақ бетін тым ылғалдандырып жіберген. Сөйтіп, масаның көбеюіне қолайлы жағдай туғызып отыр дейді мамандар.
Татьяна Джулай, дензинфектор:
-Балабақша меңгерушілері, көпқабатты үйлер мен жер үйлердің тұрғындары «маса көп» деп шағымдануда. Бәріне бірдей үлгермей жатырмыз.
Былтыр дәрілеу жұмыстарын ақтөбелік фирма атқарған екен. Айдаладан жалданған мамандар бұл жұмысты шала пұла атқарып кетіпті.
Заң бойынша кәсіпкерлер өздеріне тиесілі дүкен мен мейрамхана аумақтарын дәрілеулері тиіс. Алайда көбі бұл шаруаға шығынданғысы келмейді. Оның үстіне бір жерді жаз бойы кем дегенде үш рет дәрілеу керек.
Бұрын маса дәрілеу жұмысын санитар мамандар атқаратын. Биыл бұл шаруа қалалық әкімдіктің құзырына өтіпті. Атқамінерлер болса, тендерді биыл тым кешеуілдетіп жіберген. Ал маса әрбір екі үш күнде 150 есе көбееді екен. Қайта, өңірде безгек ауруын таратын масалар жоқ.