Қызының пәктігі жоғын білген ерлі-зайыптылар тойға бір ай қалғанда өздеріне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызының пәктігі жоғын білген ерлі-зайыптылар тойға бір ай қалғанда өздеріне қол жұмсады

Қызының пәктігі жоғын білген ерлі-зайыптылар тойға бір ай қалғанда өздеріне қол жұмсады

Тәжікстанның солтүстігіндегі Канибадам қаласында ерлі-зайыптылардың өз-өзіне қол жұмсау себептерін тексеріп жатыр. Хабарларға қарағанда, олар қызының үйлену тойна бір ай қалғанда осындай қадамға барған.

  • 16 Шiлде 2018
  • 1002
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы centralasian.org хабарлады. 

Канибадам қалалық прокуратурасындағы дереккөздің хабарлауынша, Пулодон ауылының тұрғыны Муроджон Ганиев 14 шілдеге қараған түні өз үйінде асылып қалған. "Таңертең марқұмның әйелі Шоирахон Ганиева мен 19 жастағы қызы Ферғана каналына ағып өлуге таксимен шыққан. Оқиға орнына жақын жерде тұрған такси жүргізушілері қызды ғана құтқарып қала алды", — деді дереккөз. Муроджон Ганиев пен Шоирахон Ганиева 42 жаста еді.

Олардың не себепті мұндай қадамға барғаны белгісіз. Оқиғаның жалғыз куәгері — каналдан құтқарылған қыз ата-анасының қазасына қатты қайғырып, ештеңе айта алмады.

Пулодон ауылының бір тұрғыны Аюбджон Тохировтың айтуынша, ерлі-зайыптылар 16 шілдеде жерленді. "Менің білуімше, Муроджон мен Шоирахон қызының үйлену тойына дайындалып жүрген, той 13 тамызға белгіленген. Күйеу бала Ресейде жұмыс істейді", — деді ол.

Бұл уақытта Канибадамдағы журналист Махмуди Ашурмахмад Фейсбуктегі парақшасы арқылы қосымша мәлімет жариялады. Ерлі-зайыптылардың өз-өзіне қол жұмсауына алдын ала медициналық тексерудің олардың қыздарының пәктігі жоқтығын анықтағаны түрткі болған, деп жазды жергілікті журналист.


Тәжікстанда некеге тіркелу үшін медициналық тексеруден өтіп, денсаулық жағдайы туралы анықтаманы АХАЖ-ға өткізу керек.

Соңғы жаңалықтар