Р. Кадыров жиын барысында қалғып кеткен вице-премьердің қызметін төмендетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Р. Кадыров жиын барысында қалғып кеткен вице-премьердің қызметін төмендетті

Р. Кадыров жиын барысында қалғып кеткен вице-премьердің қызметін төмендетті

Шешенстан Президенті Рамзан Кадыров жұмыс жиындары кезінде қалғып кететін шенеуніктермен күрестің тиімді тәсілін тауып отыр.

  • 8 Қаңтар 2014
  • 261
Фото - Caravan.kz


Яғни, алдағы уақытта дәл осындай жағдайға тап болған шенеуніктің қызметі төмендетілетін болады, деп жазады Российская газета.

«Өткен жылы вице-премьер Хасмагомед Хизриев қажеті жоқ уақытта қалғып кетті. Ол қатардағы министр лауазымында оянғанын да сезбей қалды. Ал денсаулық сақтау министрі Шахид Ахмадов тәтті түс көргені соншалықты денсаулық министрлігі ұжымымен қоштасу кешін ұйымдастырып, дәрігердің бос орнын іздеу әуре-сарсаңын мойнына жүктеп алды», — деп жазды Р.Кадыров Instagram-дағы өз аккаунтында.