Жарияланды: 2100

Радикалды діндегі қоғамға қауіпті тағы бір азаматымыз 2 баласын ұрлап шет елге қашып кетті - журналист

 Радикалды діндегі қоғамға қауіпті тағы бір азаматымыз 2 баласын ұрлап шет елге қашып кетті - журналист Сурет - Alashainasy

Журналист Гүлмира Әбіқай радикалды діндегі қоғамға қауіпті отандасымыздың 2 баласын ұрлап шет елге қашып кеткенін айтты.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Естігенде сенбеп ем, рас екен.

Қанша жерден мал құлағы саңырау десек те, бұл сұмдықты қоғамнан жасыруға болмайды!

Ақтауда Жәнібек деген азамат өзінің 3 баласын балталап өлтірген.

2 қыз, 1 ұлдың үлкені 12 жаста, кенжесі 5-ке кеше толған.

Өз ұрпағын асқан қатыгездікпен өзі жоюына не себеп болды екен?

Белгілісі, Жәнібек жат ағым жетегінде кеткен .

Үш адамның қасақана өліміне қатысты Қылмыстық іс қозғалды.

Қоса кетейін, радикалды діндегі қоғамға қауіпті КНБ учетындағы тағы бір азаматымыз 2 баласын ұрлап шет елге қашып кетті. 3 айдан бері бұл балаларды ешбір мем.орган елге қайтара алмай жатыр.

2-ші оқыға жайлы толық жазамын", - деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін