Ratel.kz порталы жұмысын уақытша тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ratel.kz порталы жұмысын уақытша тоқтатты

Ratel.kz порталы жұмысын уақытша тоқтатты

Ratel.kz сайтының журналисі әрі тұрақты авторы Вадим Борейко Facebook-тегі парақшасында сайт жұмысын уақытша тоқтататынын хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2018
  • 102
Фото - Caravan.kz

Бұдан өзге, "Ratel.kz сайтының достары" тобы мен порталдың Facebook-тегі ресми парақшасының жұмысы да уақытша тоқтатылады. Сайттың бас редакторы Марат Әсіпов "Ratel.kz-тің фб-дағы парақшасын жабуға мәжбүрміз" деп жазды.

Сонымен қатар, 4 сәуірде "көрінеу жалған ақпарат тарату" ісінде қорғануға құқығы бар куәгер мәртебесі бар Марат Әсіповтің күдікті атанғаны белгілі болған. Вадим Борейко Марат Әсіпов сегіз сағатқа созылған тергеуден шыққан соң сайт қызметкерлері Сапа Мекебаев пен Анна Калашникованың да күдікті деп танылуы мүмкін деп болжап отырғанын жазады. Ratel.kz сайты мент Forbes Kazakhstan журналы редакцияларын тінту кезінде ұсталып, кейін босатылған Forbes.kz журналисі Александр Воротиловтың мәртебесі әзірге белгісіз.

Аталған БАҚ редакцияларында 2 сәуір күні полиция "көрінеу жалған ақпарат тарату" ісіне байланысты тінту жүргізген. Бұл іс бұрынғы қаржы министрі, бизнесмен Зейнолла Кәкімжановтың арызынан кейін қозғалған. Кәкімжанов Forbes.kz және Ratel.kz сайттарында соңғы жылдарда өзінің қызметіне байланысты жарияланған бірнеше мақаланы "қара пиар" және "жалған" деп атайды. Мақалада Кәкімжановтың "сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары" айтылады.

Кәкімжанов өткен жылы аталған басылымдармен соттасып, олардан 50 миллион теңге өндіру туралы шағымын сот қанағаттандырған. Кәкімжановтың "сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын" әшкерелемек болған журналистер соттың бұл шешімімен келіспеді.


Оқи отырыңыз:

АҚШ басқа елдерді Ресейге қысым көрсетуге шақырды

Оралман терминінен бас тарту: Шешімді арнайы комиссия қабылдайды

Соңғы жаңалықтар