Референдум: Шотландия Біріккен корольдіктің құрамында қалатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Референдум: Шотландия Біріккен корольдіктің құрамында қалатын болды

Референдум: Шотландия Біріккен корольдіктің құрамында қалатын болды

Шотландияда тәуелсіздік жөніндегі референдум аяқталды. Мұнда бөлінуге қарсы шыққандардың саны басымырақ болды.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 408
Фото - Caravan.kz

Осылайша Шотландия Біріккен корольдіктің құрамында қалатын болды, деп жазады шетелдік БАҚ.  

Шотландияның бірінші министрі Алекс Салмонд тәуелсіздік үшін дауыс берген 1,6 миллион азаматқа алғысын айтып, жеңілгенін мойындады.

Сондай-ақ ол референдумға келгендердің санының жоғары болғанын атап өтті.

Сайлау учаскелеріне бейсенбі күні азаматтардың 80%-дан астамы келді.

Елдің бөлінуін қолдағандардың дені Данди қаласынан болды: мұнда тәуелсіздік үшін азаматтардың 57,35% дауыс берген.


Ірі қалалардың бірі Глазго тәуелсіздікті қолдап дауыс берсе,  Шотландия астанасы — Эдинбург бұл бастаманы құптамады.