«Рэкетир» үлкен экранға қайта оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Рэкетир» үлкен экранға қайта оралды

«Рэкетир» үлкен экранға қайта оралды

Жеті жылдық үзілістен кейін түсірілген шытырман оқиғалы фильм кешелі бері еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. «Сатайфильм» киностудиясының туындысын тамашалауға асыққандар көп. Көрермен бұрыннан таныс кейіпкерлерінің өмірі қалай өрбігенін біліп, жаңа тұлғалардың өнерін бағалауда.

  • 30 Мамыр 2015
  • 402
Фото - Caravan.kz

Бұл жеті жылдық үзілістен соң атышулы «Рэкетирдің» екінші бөлімі шығатынын естіп, фильмді тамашалауға асыққан көрермен. Туындының сапалы, әрі мәнді болатынына сенген жұрттың қарасы көп. Ал түсіру жұмыстарына миллион доллар мен шығармашылық топтың 10 ай еңбегі жұмсалған.

Ақан Сатаев, режиссер:

Фильмде бірнеше жаңа кейіпкерлер пайда болады. Жалпы бірнеше сюжеттік желі қамтылған. Оны әрбір көрермен тамашалаған соң ғана түсіне алатыны белгілі.

Басты рөлдерді сомдаған Әсел Сағатова, Саят Исембаев, Жан Байжанбаевтан өзге Аружан Жазылбекова, Фархат Әбдірайымов пен Азамат Сатыбалды сынды қазіргі қазақ киносының белді актерлерін көруге болады. Барлығына ескіні еске түсіріп, әрекетке итермелейтін жан да табылды.

Дәстен Шәкіров, актер:

Бұл қазіргі уақытта болған оқиға. Рэкетир-1 ол 90-жылдары болса, Рэкетир-2 қазіргі уақыт. Кейіпкерім жайлы айтатын болсақ ол Болат есімді жігіт, сабырлы, салмақты. Нағыз жігіт деп айтсақ болады.

Әр туындысында достық, адалдық пен махаббатқа мән беретін шығармашылық топ фильмдегі кейіпкерлердің өнері арқылы көрерменнің жүрегінен орын таба алған сыңайлы. Бірі көзіне жас алса, екіншісі елеусіз қалған сезімдерге мән беруде.


Қыдырәлі Болманов:

Аханның әрбір жасаған фильмі маңызы бар, мәні бар. Адам түсінетін, идеологиялық тұстарының барлығы жіңішке қамтылған өте әдемі туындылар шығарады.

Картинадағы негізгі көріністер Қарағанды, Шымкент, Астана мен Алматы қалаларын қамтиды. «Рэкетир-2: Есе қайтару» фильмін еліміздің ірі кинотеатрынан көруге асығыңыздар.