Рэпер 50 мың доллар төленетін ерекше жұмыс орнын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рэпер 50 мың доллар төленетін ерекше жұмыс орнын ұсынды

Рэпер 50 мың доллар төленетін ерекше жұмыс орнын ұсынды

Рэпер Waka Flocka Flame ерекше жұмыс орнын ашты. Ол өзіне марихуана шегу үшін ораманы кәсіби ораған адамға жылына 50 мың доллар төлемекші, деп жазады шетелдік БАҚ.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 251
Фото - Caravan.kz

Buzzfeed хабарлағандай, рэпер бұл лауазымға өз шеберлігін танытқан, өз еңбегінің нәтижесін #ICanRoll  хештэгымен инстаграмға салатын, өзіне ұнаған кез келген адамды жұмысқа алмақ. 

Waka Flocka Flame-ның көптеген фанаттары рэпердің ұсынысына жауап бере бастады, сондай-ақ Buzzfeed  рэпер жұмыстың жеңілдіктері мен артықшылықтары туралы айтпағанын атап өтті.

 «Кәсіби ораушылар медициналық жәрдемақы ала ма? Әлде марихуанаға шектеусіз қолжетімділікке ие бола ма?» —  осы сұрақ журналистерді қызықтыруда.

Waka Flocka Flame БАҚ-тың назарын  марихуанаға деген құмарлығымен алғаш рет тартып отырған жоқ. 2011 жылы ол марихуана сақтағаны үшін тұтқындалған, алайда бостандыққа шығу үшін 31 950 доллар кепіл төлеуге мәжбүр болған.