Ресей 36 елдің аумағында ГЛОНАСС жерүсті станциялар желісін құрмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей 36 елдің аумағында ГЛОНАСС жерүсті станциялар желісін құрмақ

Ресей 36 елдің аумағында ГЛОНАСС жерүсті станциялар желісін құрмақ

ГЛОНАCC ғаламдық навигациялық спутниктік жүйенің жерүсті сегменті Ресейден тыс орналасқан 50 өлшеу станциясы толықтырылады. 

  • 23 Сәуiр 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Ресей президент әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов мәлімдеді.

«Ресейлік навигациялық қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттырамыз. Бұл үшін шет мемлекеттерде жерүсті өлшеу сегментін құрамыз. Келешекте 36 елдің аумағында 50 шақты деректер жинақтау станциясы болғанын қалаймыз. Бұл ГЛОНАСС жұмысының тұрақтылығын арттыруға кепілдік береді», — деп С.Иванов Мәскеуде Халықаралық спутниктік навигация форумында атап көрсетті.

Әзірге мұндай станциялар Антарктида мен Бразилияда ғана бар.