Ресей боксшысы комаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей боксшысы комаға түсті

Ресей боксшысы комаға түсті

М.Абдусаламов қолының сынуына байланысты бокстық карьерасында бірінші рет жеңілістің ащы дәмін татты. Ресей боксшысы сенбі күні кубалық Майк Переспен Нь-Йоркте өткен кездесуден кейін жасанды комаға енгізілді.

  • 4 Қараша 2013
  • 354
Фото - Caravan.kz

Медициналық тексеру барысында ол өзін жақсы сезінетінін айтқан. Алайда біраз уақыттан кейін басының қатты ауырып тұрғанына шағымданған. Дәрігерлер қосымша тексеру жүргізіп, Абдусаламовтың миында қанның ұйып қалғанын байқап, оны жасанды комаға енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам оның бас миының зақымдануын болдырмау үшін жасалды, деп хабарлады BoxingScene.

Кездесуден кейін, ресейлік спортшының бірінші раундта-ақ, қол буынын зақымдап алғаны анықталды. Арнайы тексеру оның қолының сынық екендігін көрсетті.