Жарияланды: 550

Ресей гидрометеоорталығы "ақырзаман" жақындап қалды деген болжамды растап отырған жоқ

Ресей гидрометеоорталығы "ақырзаман" жақындап қалды деген болжамды растап отырған жоқ

Ресейдің гидрометеоорталығы "ақырзаманның" жақындап қалғандығын білідіретін ешқандай ерекше табиғи құбылыстарды тіркеген жоқ,

деп хабарлады ведомство жетекшісі Роман Вильфанд. 2012 жылдың желтоқсан айының соңында "ақырзаман" болады екен, деген баспасөзде жария етілген хабарларға орай Р.Вильфанд бейсенбіде "Интерфакске" : " Ресей гидрометеоорталығы "ақырзаманның" жақындап қалғандығын емес, жарық күннің қысқаратындығын болжап отыр", деп айтты. "22-желтоқсанға дейін астрономиялық жарық күн қысқара түспек және 22-23 желтоқсан күндері небары жеті сағатты құрамақ. Бұл өте аз. Басқа ешқандай өзгешелік жоқ", деді Р.Вильфанд осы орайда. Ол "метеорологтар болашаққа оптимизммен қарайды", деп атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін