Ресей халқының саны азайып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей халқының саны азайып жатыр

Ресей халқының саны азайып жатыр

Ресей халқының саны азайып барады: мемлекет миллиондаған мигрантқа мұқтаж.

  • 13 Сәуiр 2023
  • 30
Фото - Caravan.kz

Ulysmedia.kz хабарлауынша, Ресей халқының санын 146 миллион адам деңгейінде сақтау үшін ғасыр соңына дейін жыл сайын 0,39-дан 1,1 миллионға дейін мигранттарды тарту қажет, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

Бұл туралы елдегі Ұлттық зерттеу университетінің А.Г. Вишневский атындағы демография институты ғалымдарының көші-қон туралы материалында айтылған.

Ғалымдар Валерий Юмагузин мен Мария Винниктің пайымдауынша, көші-қон ағыны болмаған жағдайда, тіпті ең қолайлы сценарийдің өзінде Ресей халқының өсуі мүмкін емес.  Оптимистік сценарийде бір әйелге 2,5 баладан келіп, ал ерлер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы сәйкесінше 85,7 және 90,5 жасқа дейін болса, мигранттар ағынына мұқтаждық 2036 жылға дейін сақталады.


Соңғы жаңалықтар