Өзбекстан СІМ ақпарат көздері бойынша, кездесу барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады. Олардың арасында, «В.Чкалов атындағы Ташкент авиациялық өндірістік бірлестігінің бірлескен авиациялық корпорациясының құрамына ену туралы келісімі бар.
Өзбекстанның СІМ хабарлағанындай, «ресейлік «Техноспецсталь инжиниринг» компаниясы (Санкт-Петербург), В.Чкалов атындағы Ташкент авиациялық өндірістік бірлестігімен 2008 жылға дейін 30 дана Ил-114 және Ил-76т ұшақтарын сатып алу жөніндегі келісім-шартына қол қойды».
Сондай-ақ, бүгін Ташкентте ресейлік ұлттық көрме ашылады, оның бас ұйымдастырушысы Бүкілресейлік көрме орталығы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті