«Бүгін біз 2011 жылға дейінгі шекаралық ынтымақтастық жөніндегі шаралардың жоспарын бекіттік», — деді В. Христенко.
«Ресей жағынан 12 өңір дүниежүзіндегі ең ұзын шекараны бойлай орналасқанын еске сала кеткім келеді, бұл шамамен 7,5 мың шақырымға тең және осы субьектілердің үлесіне өзара сауда-саттық пен экономикалық ынтымақтастықтың ең жоғары үлесі тиеді», — деді ол.
РФ жағынан шекаралық өңірлерге Алтай және Дағыстан Республикалары, Алтай аймағы, Омск, Астрахань, Волгоград, Курган, Новосибирск, Оренбург, Саратов, Самара , Тюмень және Челябинск облыстары, Қазақстан жағынан Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан , Батыс Қазақстан , Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті