Ресей мен Қытайдағы темекі шегушілер инсультке жиі шалдығады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қытайдағы темекі шегушілер инсультке жиі шалдығады

Ресей мен Қытайдағы темекі шегушілер инсультке жиі шалдығады

Британдық ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, темекі тарту салдарынан инсультке көбінесе  Ресей, Үндістан және Қытай азаматтары шалдығады.

  • 6 Сәуiр 2014
  • 445
Фото - Caravan.kz

Осы елдердегі шылымқұмарларда жүрек ауруларынан өлім-жітім деңгейі де едәуір жоғары екен. Бұндай тұжырым жасауға 20 жыл аралығында өткізілген 187 елдегі өлім-жітім статистикасының талдауы мүмкіндік берді.

 Атап айтқанда, 20 жыл ішінде Ресей, Қытай және Үндістанда темекі тартудан өлім-жітім артып отыр. Ал АҚШ-та керісінше шылымқұмарлар арасында инсульттен өлім деңгейі екі есеге жуық көрсеткішке қысқарды.

Ағылшындық ғалымдардың мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының конвенциясын ұстанған елдерде жүрек-қан тамырлары және өзге де дерттердің төмендеуінің оң қарқыны байқалған, деп жазады Росбалт.