Ресей Қазақстаннан әкелінген 20 тонна картопты ел аумағына кіргізуге тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Қазақстаннан әкелінген 20 тонна картопты ел аумағына кіргізуге тыйым салды

Ресей Қазақстаннан әкелінген 20 тонна картопты ел аумағына кіргізуге тыйым салды

Новосібір облысының аумағына Қазақстан Республикасынан көлікпен 20 тонна картоп әкелінген, деп хабарлады  «Россельхознадзор».

  • 5 Маусым 2015
  • 418
Фото - Caravan.kz

Фитосанитариялық бақылау жүргізген Новосібір облысы бойынша Ресейдің ауыл шаруашылық тауарларын бақылау мекемесінің инспекторлары аталған өнімде оның қауіпсіздігін растайтын тиісті фитосанитарлық сертификаттардың жоқтығын анықтады.

Халықаралық карантиндік заңнамаға сәйкес өнімді Ресей Федерациясының аумағына кіргізуге тыйым салынды. Жүк иесіне қайтарылды.