Жарияланды: 560

Ресей қорғаныс министрі өз елінің болашақта Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудан бас тарту мүмкіндігін жоққа шығармайды

Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов өз елінің болашақта Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудан бас тарту мүмкіндігін жоққа шығармайды. Плесецк ғарыш айлағына жасаған сапары барысында ол журналистерге берген сұхбатында: "болашақта мен мұндай мүмкіндікті жоққа шығармаймын"деп атап көрсетті,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

С.Ивановтың айтуынша, "біз бұл жерде құр босқа жылқы қуалап жүрген жоқпыз, бірақ Ресейдің ғарыш кеңістігіне шығатын тәуелсіз айлағы болуы тиіс". С.Ивановтың айтуына қарағанда, Ресейдің бас әскери қолбасшысы Плесецк айлағын ғарыш кеңістігіне тәуелсіз жол тарту мақсатын шешуге мүмкіндік беретін негізгі нысан ретінде тіпті сонау 2001-жылы атап көрсеткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін