Ресей рублі тағы құлдырай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей рублі тағы  құлдырай бастады

Ресей рублі тағы құлдырай бастады

-Рубль былтырғыдай 30-50 пайызға емес, бұл жолы сәл ғана құнын жоғалтты. Әрі қарай да мұнай бағасына байланысты, бір түсіп бір көтеріліп тұрады. Оның түскені әрине, тұты?

  • 6 Маусым 2015
  • 510
Фото - Caravan.kz

Мұнай бағасының аздап қайта түсуі сол еді, Мәскеу тағы дүрлікті. Алдымен бұған Украинадағы жағдай түрткі болды дейді сарапшылар. Себебі Донбасстағы қарулы қақтығыстың қайта жандануы орыс ақшасының құнсыздануына әкеліп жатыр. Оның үстіне Еуроодақтың Ресейге салған санциясын тағы қосыңыз. Қазір Ресейдің Орталық банкі алтын валюталық қорын дереу күшейтуге кіріскен. Ол үшін нарықтағы ақшаны жаппай сатып алып жатыр екен. Бірақ, экономикасы миллиардтап шығынға батып жатса да  Кремль халқын жұбатып, қауіпті ештеңе болмағандай сыңай танытып отыр. Ал отандық экономистер рубльдің құнсыздануы теңгеге айтарлықтай әсер етпейді дейді.


Олжас Құдайбергенов, макроэкономикалық зерттеу орталығының жетекшісі:

-Рубль былтырғыдай 30-50 пайызға емес, бұл жолы сәл ғана құнын жоғалтты. Әрі қарай да мұнай бағасына байланысты, бір түсіп бір көтеріліп тұрады. Оның түскені әрине, тұтынушыларға пайдалы. Бірақ экономикаға кесірін тигізіп, нарықты арзан тауар жаулайды. Сондықтан Үкімет оған қалай да шектеу қоюы тиіс.