Ресей үкімет басшысының орынбасары "Қазақстан инжиниринг" ҰК-ның басшылығымен кездесу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей үкімет басшысының орынбасары "Қазақстан инжиниринг" ҰК-ның басшылығымен кездесу өткізді

Ресей үкімет басшысының орынбасары "Қазақстан инжиниринг" ҰК-ның басшылығымен кездесу өткізді

Ресей үкімет басшысының орынбасары Борис Алешин "Қазақстан инжиниринг" ҰК-ның президенті Ғалым Оразбақовпен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне еліміздің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін біріктірген "Қазақстан инжиниринг" ҰК-нан хабарлады.

  • 30 Қазан 2003
  • 347
Фото - Caravan.kz

Кездесулер «Қазақстан инжиниринг» ҰК өкілдерінің Мәскеуге сапары аясында өткізілді.

Компанияның баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, отандық кәсіпорындарымыз екі елдің қарулы күштерін бірлесе қамтамасыз етуге байланысты Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенімен өндірістік және іскерлік байланыстарды ежелден бері жолға қойып дамытып келеді.
Сапар барысында «Қазақстан инжиниринг» ҰК-ның президенті Ғалым Оразбақов пен «Қазақстан инжиниринг ҰК» ААҚ-ның құрамына кіретін машина жасау кәсіпорындарының басшылары Ресейдің өнеркәсіп, ғылым және технологиялар министрінің орынбасары А.Бриндиковпен, шетелдік мемлекеттермен әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комитет төрағасының орынбасары В.Полищукпен және басқа да ресми өкілдермен кездесті.
Келіссөздер барысында екі елдің әскери-өнеркәсіптік кешен саласындағы болашақ ынтымақтастығы туралы талқыланып, кәсіпорындардың өнімін арттыруға мүмкіндік беретін кезек күттірмес мақсаттар айқындалды.
Сондай-ақ, кездесулер барысында Қазақстан мен Ресейде өндірілген әскери мақсаттағы өнімдерді үшінші елдердің рыногінде өткізу саласындағы ынтымақтастық жолдары, атыс қаруларының кейбір түрлерін бірлесіп өндіру, қару сату жөніндегі тендерлерге бірлесіп қатысу турасында талқыланды. Геостационарлық хабар тарату спутнигін жасау, оны ұшыру және пайдалану жөніндегі мәселелер келісілді.