Ресейде қазақстандық вахташылар мінген автобус апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде қазақстандық вахташылар мінген автобус апатқа ұшырады

Ресейде қазақстандық вахташылар мінген автобус апатқа ұшырады

Ресейдің Челябинск облысында қазақстандық вахташылар мінген автобус аударылды.

  • 31 Қазан 2022
  • 19
Фото - Caravan.kz

Оқиғаның мән-жайын жергілікті полиция қызметкерлері анықтап жатыр, деп жазды МВД МЕДИА порталы.

Жол апаты жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 6-да Кунашак ауданы аумағында Екатеринбург қаласына баратын жолдың 85-ші шақырымында болған, деп хабарлады Сaravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.


Алдын ала болжам бойынша жүргізуші жауған қардың кесірінен тізгінге ие бола алмай, көлік шұңқырға аударылған.

13 жолаушы Челябинск, Кунашак және Касли аудандарындағы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Айта кетері, Қостанайдан Екатеринбургке бара жатқан автобуста барлығы 22 жолаушы болған.

Соңғы жаңалықтар