Ресейде құлдықта ұсталған Қазақстан азаматтарын елге қайтаруға құжаттар ресімделді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде құлдықта ұсталған Қазақстан азаматтарын елге қайтаруға құжаттар ресімделді

Ресейде құлдықта ұсталған Қазақстан азаматтарын елге қайтаруға құжаттар ресімделді

Ресейде жұмыс құлдығына ұшыраған Қазақстан азаматтарына елге қайтуға куәліктер ресімделді.

  • 13 Қараша 2012
  • 274
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«РФ аумағында жұмыс құлдығына ұшыраған Қазақстан азаматтарына қатысты қазіргі таңда Мәскеудің тергеу органдарымен Ресей азаматтары болып табылатын, Қазақстан тумалары, мәскеулік азық-түлік дүкен желілерінің қожайындары, Қазақстан азаматтарын Ресейге шығарып алуға тікелей қатысы бар бұл азаматтарға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде»,-деп тоқталды ресми өкіл.

«Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің Консулдық бөлімі біздің 5 азаматымызды жақын арада елге қайтару мақсатында қайту куәлігі рәсімделді»,-деді.

Оның сөзінше, кейбір отандастарымыз елге оралды. Қалған азаматтарымыз тергеу органдарына тиісті арыз жазып, тергеуге қажетті сұрақтарға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар