Ресейде тіл саясатына қарсылық ретінде өзін-өзі өртеген белсенді қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде тіл саясатына қарсылық ретінде өзін-өзі өртеген белсенді қайтыс болды

Ресейде тіл саясатына қарсылық ретінде өзін-өзі өртеген белсенді қайтыс болды

Ресейдің Удмуртия аймағында мемлекеттің тіл саясатына қарсылығын білдіріп, өзін-өзі өртеген 79 жастағы белсенді Альберт Разин қайтыс болды.

  • 11 Қыркүйек 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, денесін толық күйік шалған белсенді 10 қыркүйекте Ижевск қалалық ауруханасында көз жұмған, деп жазды 

Оқиға сол күні Ижевск аймақтық парламентінің сыртында болған. “Егер ертең ана тілім өлсе, онда бүгін өлуге даярмын”, "Менің Отаным бар ма?" деген жазуы бар плакат ұстаған белсенді парламент отырысы басталар алдында өз-өзіне от қойған. Айналада жүрген адамдар отты дер кезінде өшіріп, үлгере алмаған.

Альберт Разин жергілікті биліктен удмурт тілін сақтап қалу үшін қажетті шара қолдануды талап еткен белсенділердің бірі болған. Ресейде удмурт тілінде 300 мыңнан астам адам сөйлейді. Ғалымдар жоғалып кету қаупі төнген тілдер арасында удмурт тілі барын да айтады.


Соңғы жаңалықтар