Ресейде жол апатынан қаза болғандар арасында Қырғызстанның 14 азаматы бар - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде жол апатынан қаза болғандар арасында Қырғызстанның 14 азаматы бар

Ресейде жол апатынан қаза болғандар арасында Қырғызстанның 14 азаматы бар

Ульяновск облысы Николаевский ауданында микроавтобус пен екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан Қырғызстанның 14 азаматы мен екі ресейлік көз жұмды.

  • 22 Тамыз 2022
  • 23
Фото - Caravan.kz

Жол апаты жексенбі күндіз "Урал" М5 тас жолында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі дер кезінде тежегішті басып үлгермей, жөнделіп жатқан учаскеде реверстік қозғалыста кезегін күтіп тұрған микроавттобусқа соғылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Автобус екі жүк көлігінің арасына қысылып қалды.

Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, жүк көлігінің жүргізушісі өзін нашар сезінген болуы мүмкін, сол себепті тежегішті кеш басқан. Жол апатынан 16 адам қаза тапты және тағы үшеуі ауыр хәлде ауруханаға түсті.


Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров республика азаматтарының мәйітін елге жеткізу үшін арнайы борт ұйымдастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар