Ресейден келетін көліктер көбейді – комитет - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейден келетін көліктер көбейді – комитет

Ресейден келетін көліктер көбейді – комитет

Екі күннен бері Қазақстанға Ресейден келетін көліктердің саны көбейді. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

  • 23 Қыркүйек 2022
  • 19
Фото - Caravan.kz

Ресми мәліметке сәйкес, 21 қыркүйектен бастап Қазақстанға Ресейден келетін көліктердің саны 20 процентке көбейген.

"Осыған байланысты кейбір шекара өткізу бекеттерінде, әсіресе, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында кептеліс байқалады", — дейді комитет мамандары.

Көші-қон қызметінің ақпаратына сәйкес, мигранттардың кіруі шекарадан бастап тіркеледі. Барлық мәлімет бірыңғай деректер базасына автоматты түрде түседі. Статистикаға сәйкес, биыл Қазақстанға 4,3 млн-ға жуық шетелдік келген. Олардың 4,1 млн-ы қайтадан кетіп қалды. Соның ішінде Ресей Федерациясының азаматтары да бар. Осы елден 1 660 000 адам келсе, 1 640 000 азамат кеткен. Уақытша қалғандардың бәрі есепке алынды.

Айта кетері, 21 қыркүйекте Ресейде Украинамен жағдайға байланысты ішінара мобилизация жарияланған болатын.