Ресейден келген азаматтар қазақстандық әйелге үйленіп, азаматтық ала ала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейден келген азаматтар қазақстандық әйелге үйленіп, азаматтық ала ала ма?

Ресейден келген азаматтар қазақстандық әйелге үйленіп, азаматтық ала ала ма?

Елімізге Ресейден келген азаматтар ақша төлеп, Қазақстан азаматымен жалған некеге тұрғысы келетіні жайлы соңғы кезде жиі айтылып жатыр.

  • 4 Қазан 2022
  • 30
Фото - Caravan.kz

TikTok-та қазақстандық әйелдер Ресейден келген азаматтармен ақша үшін некеге тұрып, азаматтық алып беруге дайын екенін айтып, видеолар түсірген болатын. Алайда заңгерлер өтірік отау құру арқылы азаматтыққа қол жеткізу мүмкін емес екенін айтып отыр, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, яғни еліміздің резиденті атану үшін кем дегенде үш жыл некеде болу керек. Шетелдік адам азаматтыққа қол жеткізу үшін жарымен 1000 күн бірге өмір сүруі керек.

"Ол өтірік әңгіме. Келе салып, екеуі неке қия салып, келесі күні азаматтық алу деген біздің заңнамаға қайшы. Ерлі-зайыптылар неке қиған күннен бастап үш жыл уақыт өткеннен кейін шетел азаматы азаматтық алуға немесе тұруға ықтиярхат алуға Көші-қон полиция басқармасына барып арыз жаза алады. Егер оның туған-туысы болса, шетел азаматына заңды түрде неке қиып керегі жоқ", — дейді заңгер Ғабит Өмірбеков.

Өзге мемлекеттен келген азаматтардан ең алдымен, нотариалды куәландырылған құжаты сұралады. Сондай-ақ өз елінің консулдығынан берілетін некеге құқық қабылеттілігі туралы қағазы болуы шарт.

"Мысалы, 11-12 некеге тұрған азаматтардың жұбайы және күйеуі ресейлік болды. Соңғы айда мобилизацияға дейін осындай әзірге бір жағдай ғана болды. Егер Ресей азаматы некеге құқық қабылеттілігі туралы анықтаманы азаматтығы бар мемлекет, яғни Ресей Федерациясы беруге тиіс. Сол жерде некеде еместігі, Қазақстан Республикасының азаматымен отбасын құруға еш кедергі жоқ екені көрсетіледі", — дейді АХАЖ бөлімінің басшысы Венера Галиева.


Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов та елімізге ресейліктердің көптеп келгенін айтады.

"Олардың біршамасы Қазақстанды транзит мемлекет ретінде пайдаланатындар да бар. Яғни виза талап етілмейтін біздің ел арқылы өзге мемлекеттерге ұшып кетіп жатыр. Оның ішінде Қырғызстан, Өзбекстанға өткендер бар. Заңгердің айтуынша, шетелдіктердің өз отбасы бар екенін жасырып қалатыны да бар екен. Ол кезде отандастарымызбен құрған некесі жалған болып саналады. Сондай-ақ оларды заңсыз тіркеген АХАЖ бөлімі жауапқа тартылады", — деді ІІМ басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар