Ресейдің айналымдағы ақшалай қаржыны азайту бастамасы Қазақстанға жарамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің айналымдағы ақшалай қаржыны азайту бастамасы Қазақстанға жарамайды

Ресейдің айналымдағы ақшалай қаржыны азайту бастамасы Қазақстанға жарамайды

Жалпы қаржы массасындағы ақшалай қаржының көлемін азайту Қазақстандағы «көлеңке» экономиканы қысқартуға әкелмейді, деп есептейді сарапшылар.

  • 15 Шiлде 2011
  • 584
Фото - Caravan.kz

«Көлеңке» экономиканың өршуіне ықпал етуші фактор ретінде ақшалай қаржының көлемін азайту — жанама жағдай. Қазақстандағы «көлеңке» экономиканың деңгейін төмендету үшін кәсіпкерлерге заңды түрде жұмыс істеген тиімді болатындай жағдай жасау керек. (Айналымдағы — ҚазТАГ) ақшалай қаржыны азайту да фактор, бірақ ол негізгі себеп емес», — деп есептейді инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің аға сарапшысы Гүлнұр Рахматуллина.

Бейсенбі күні ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Ресей Сбербанкінің президенті Герман Греф РФ премьер-министрі Владимир Путинге жазған хатында «ақшалай қаржының көп көлемі экономиканың көлеңкелі үлесінің үлкен екенін көрсететіндіктен (Ресейде 40%), «Ресейде ақшалай қаржының көлемін күрт төмендетуді ұсынды».

Г. Грефтің мәліметтеріне сәйкес, РФ-да ақшалай қаржының жалпы ақша массасына қатысты арақатынасы 11,9% құрайды. Оның пікірінше қалыпты арақатынас сәйкесінше Бразилия мег АҚШ-тағыдай 4,2-6,6% болуға тиіс.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, Қазақстанда бұл арақатынас 12,7% құрайды.

ҚР нарықты болжау орталығының бас сарапшысы Александр Шведов айналымдағы ақшалай қаржының көлемін азайту идеясын жалпы қолдайтынын, бірақ ондай бастаманың тиімділігіне қатысты күдіктенетінін айтып отыр.

«Егер Қазақстанда қадам-қадаммен және мақсатты түрде ақшасыз есеп айырысуды дамытса, адамдар уақыт өте келе ақшалай қаржыдан өздері бас тартады. Бірінші кезекте, бұл мемлекеттің мүддесі болуға тиіс. Бірақ Г. Греф ұсынғандай, ақшалай қаржыдан бірден бас тарту деген сценарийді Қазақстанда жүзеге асыруға болмайды деп ойлаймын. Теңге түрінде ақша болмаса, адамдар балама валюталарға ауысады», — деді А. Шведов ҚазТАГ-қа сұхбат беру барысында.

Оның пікірін экономист Руслан Сағидановта қолдап отыр.Оның пікірінше, әкімшілік әдістермен ақшаның айналымын азайту жақсылыққа апармайды.

«Жалпы, идея жаман емес. Ақшасыз есеп айырысу көп болған сайын, елдің экономикасы дамыған мемлекет ретіндегі мәртебесі де артады. Бірақ басқа жағынан, мұны әкімшілік әдістермен жасаса, бұл жақсылыққа апармайды. Бұған кешенді түрде келу керек. Мысалы, кассалық аппаратсыз ақшасыз есеп айырысу әдістерін пайдаланатын компанияларды 3 жыл мерзімге салықтық тексерулерден босату керек. Ал жеке тұлғаларға келсе, мұнда тұтыну мәдениетін тәрбиелеу керек. Қалтамыз қампиып тұрса, өзімізді тыныш сезінеміз, менталитет сондай», — дейді Р. Сагиданов.

Сарапшы Владимир Цейконың айтуынша, көлеңке экономикаға қарсы тұру құралы ретінде бұл әдіс Ресейде өзін ақтайтын шығар, бірақ Қазақстанда емес.

«Рубльден басқа валюталардың бәрін заңнан тыс шығарып тастаған Ресейде мұны жүзеге асыруға болады-ау. Ал бізде теңге болмаса, 90-шы жылдардың басындағы сияқты адамдар долларға ауысады. (…) Бұл шара қазақстандық экономика үшін пайдалы болатынымен келісемін. Бірақ қазіргі кезеңде Қазақстанның оны пайдаланбағаны дұрыс» — деп ойлайды сарапшы.

Соңғы жаңалықтар