Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жер дүмпуінің кіндігі Ресей аумағында Алматы қаласының солтүстік-шығысынан 1111 шақырым жерде Ресейдің Алтай Республикасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық күші — 13.1. Тербелісі MPV 5.5. Жер дүмпуі ошағының координаттары: солтүстік ендікте — 50.06°, шығыс бойлықта — 87.43°. Тереңдігі — 5 шақырым.
Жер асты дүмпулерінің сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) Зыряновта — 2-3 баллды құрады.