"Ресейдің әскер салып араласу, басып кіру деген жоспары жоқ" - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ресейдің әскер салып араласу, басып кіру деген жоспары жоқ"

"Ресейдің әскер салып араласу, басып кіру деген жоспары жоқ"

Ресей Украинаның шығыс бөлігін бақылауына алуы ықтимал екен, деген қауіптердің еш негізі жоқ, деп мәлімдеді сәрсенбіде ЕО жанындағы РФ тұрақты өкілі Владимир Чижов.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 363
Фото - Caravan.kz


"Ресейдің әскер салып араласу, басып кіру деген жоспарлары жоқ. Бұл Украина болсын, басқа бір елдер болсын бәріне қатысты жағдай", деді ол ағылшынша Си-Эн-Энге берген сұхбатында.

Молдова басшылары Приднестровье РФ-ға қосылуы ықтимал деп қауіптенеді, деген күдіктерін білдірген тележүргізушінің сөздеріне орай В.Чижов: "Долданушылық жұқпалы болады ғой деймін. Ресей Приднестровье болсын, не әлемдегі басқа бір елдің аумағы болсын, өзіне қосуды ойластырып отырған жоқ", деп айтты.