Ресейдің "МиГ" компаниясы Қазақстанның қорғаныс министрлігімен 60 млн астам АҚШ доллары көлеміндегі келісім-шартқа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің "МиГ" компаниясы Қазақстанның қорғаныс министрлігімен 60 млн  астам АҚШ доллары көлеміндегі  келісім-шартқа қол қойды

Ресейдің "МиГ" компаниясы Қазақстанның қорғаныс министрлігімен 60 млн астам АҚШ доллары көлеміндегі келісім-шартқа қол қойды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 - тамыз. АЛМАТЫ. Ресейдің ұшақ жасайтын "МиГ" компаниясы МАКС-2007 авиағарыш салоны аясында сәрсенбіде Қазақстанмен 60 млн астам АҚШ доллары көлеміндегі келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінің хабарына сілтеме жасай отырып.

  • 23 Тамыз 2007
  • 372
Фото - Caravan.kz

«МиГ» бас директорының бірінші орынбасары Сергей Цивилевтің айтуынша, «жалпы сомасы 60 миллион доллардан асып жығылатын үш құжатқа қол қойылған, онда оншақты МиГ ұшағына күрделі жөндеу жүргізу де қарастырылған».

«Новости» ақпараттық агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан жағынан құжаттарға Армия бас штабының басшысы Мұхтар Алтынбаев қол қойған.