Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын ҚР құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің санын арттыру мәселесін Ресей қайтадан қарауға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын ҚР құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің санын арттыру мәселесін Ресей қайтадан қарауға дайын

Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын ҚР құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің санын арттыру мәселесін Ресей қайтадан қарауға дайын

Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын ҚР құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің санын арттыру мәселесін Ресей қайтадан қарауға дайын. Бұл туралы бүгін, 10-ақпанда Астанада РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Рушайло ҚР ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбековпен кездесу барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Ақпан 2004
  • 532
Фото - Caravan.kz

«Біз Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің Бүкілресейлік мамандық жетілдіру институтының негізінде Қазақстанның кедендік және шекаралық құрылымдары мен заңсыз есірткі айналымымен күрес бөлімшесі қызметкерлерін оқытуды ҚР құқық қорғау құрылымдарымен ынтымақтастық аясындағы айрықша маңызды бағыт деп санаймыз»,- деді В.Рушайло.

Оның айтуынша, «аталмыш институтта мамандық жетілдіріп қайтқан ҚР ІІМ қызметкерлерінің біліктілік деңгейі туралы мәліметтер көңіл қуантарлық».
Сондай-ақ, РФ Қауіпсіздік кеңесі хатшысының айтуынша, ҚР ІІМ-нің 2003-2004-жылдарға арнаған тапсырысына сәйкес, РФ ІІМ-не қарасты Омбы академиясында қазақстандықтар «құқықтану» мамандығы бойынша тегін білім игеруде. Бұл бағдарлама аясында биыл Қазақстанға қосымша 4 орын бөлінді. «Қазақстанның құқық қорғау мекемелеріне кәсіби қызметкерлер дайындап беру Ресей үшін тиімді»,- деді В.Рушайло.

Соңғы жаңалықтар