16 тонна жүк артып «Федоровка (ҚР)-Челябинск (РФ)» бағытында кетіп бара жатқан "КамАЗ" жүк көлігін ұстады.
Шекаралық тексеру кезінде 37 жастағы отандасымыздың Ресей Федерациясына темір-терсекті алып шығуға қатысты құжаттары жоқ болып шықты.
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.