Ресейге контрабандалық жолмен бензин өткізу әрекеті тойтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейге контрабандалық жолмен бензин өткізу әрекеті тойтарылды

Ресейге контрабандалық жолмен бензин өткізу әрекеті тойтарылды

Шығыс Қазақстан облысының «Қоянбай» бақылау бекетінде шекарашылар заңсыз жолмен Ресейге Аи-80 маркалы бензин өткізудің алдын алды.

  • 22 Қыркүйек 2014
  • 328
Фото - Caravan.kz

ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасына сәйкес, өткен демалыс күндері шекара жасағы Ресей мен Қазақстан азаматтарын ұстады. Олар тіркемесі бар «МАЗ» және «Ивеко» көліктерімен АИ-80 маркалы 86 тонна бензинді мемлекеттік шекара арқылы жалған құжатпен өткізбек болған.

Көліктер Павлодар – Барнауыл (РФ) бағытында сапар шеккен. Тексеру анықтағандай, жүктің жол құжаттары дұрыс емес болып шыққан.


Бұл факті туралы құқық қорғау органдарына хабарланды.