Ресейлік әлем чемпионы Анна Тураева әуежай қызметкерлеріне екі мәрте өзінің әйел екенін дәлелдеуге мәжбүр болды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік әлем чемпионы Анна Тураева әуежай қызметкерлеріне екі мәрте өзінің әйел екенін дәлелдеуге мәжбүр болды

Ресейлік әлем чемпионы Анна Тураева әуежай қызметкерлеріне екі мәрте өзінің әйел екенін дәлелдеуге мәжбүр болды

Ресейлік ауыр атлет Анна Тураева әуе компаниясы қызметкерлерінің алдында екі мәрте өзінің әйел екенін дәлелдеу үшін қорлық көргенін мәлімдеді.

  • 2 Қазан 2020
  • 351
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

"Қайырлы кеш менің жақсыларым. Бүгін мен сіздермен кеше болған сұмдықпен бөліскім келеді.

Менің мінезім табанды және ештеңені шатастыруым мүмкін емес. Бірақ әр түрлі адамдар бар, олар да әртүрлі қабылдайды.

Кеше мен транзитпен Санкт-Петербургтен, Мәскеуге және Мәскеуден Краснодарға ұштым.

Бақылау-өткізу пунктінде олар менің төлқұжатымда жынысы әйел деп жазылған тұсына сілтеме жасай отырып, мені өткізуден бас тартты.

Мен қатты қорландым, кезекте тұрғанда интимдік сипаттағы сұрақтар қойды. Менің өмірде қандай адам екенім және төсектегі рөлім қызықтырады.

Сонымен бірге мен дөрекілікке жол бермей, жағдайды шешуге тырыстым. Кезекте тұрғандардың барлығы бұл масқараны бақылап тұрды, мен бұл жағдайда өзімді өте дәрменсіз сезіндім", деп жазды ол.


Ресейлік спортшы Анна Тураева алты дүркін әлем чемпионы,  пауэрлифтингтен Еуразияның абсолютті чемпионы болды. Пауэрлифтинг дәстүрлі түрде ерлерге арналған спорт түрі болып саналатындықтан,  ұзақ және күрделі жаттығулардың нәтижесінде Аннаның денесі еркекке тән  қасиеттерге, бұла күшке ие болды.

Соңғы жаңалықтар