Ресей азаматы Қазақстанда заңсыз зейнетақы алған, деп хабарлайды Вaq.kz.
Ол 4 млн теңгеге жуық ақша алған. Оған қатысты ҚР ҚК 3-бөлігі 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қаралды.
«Ш. Ресей Федерациясының азаматы болғандықтан 2004 жылдың 9 қаңтарынан бастап бүгінге дейін РФ Зейнетақы қорының бөлімшесінде тұр. Ол Новосібір облысы бойынша кәрілікке байланысты сақтандыру зейнетақы алу керек адамдардың қатарында тіркеулі. Сонымен қатар Ш. Қазақстанда заңсыз зейнетақы алу мақсатында 2005 жылдың 25 қаңтарында төлемақы берілсін деген өтінішпен Павлодар облысы бойынша әлеуметтік төлем орталығына қарасты департаменттің Қашыр аудандық бөлімшесіне жүгінеді. Ол ҚР азаматы емес екенін және РФ Зейнетақы қорында тіркеулі тұрғанын жасарған. Соңында оған Қазақстан Республикасында зейнетақы алады деген қорытынды шығарылады», — деді соттағылар.
Осылай Ш. мемлекетке 3 988 704 теңге шығын келтірді. Сот оның жасын ескере отырып, пробациялық бақылау арқылы үш жылға шартты түрде босандығынан айыру жазасын кесті.
Оқи отырыңыз:
Еркектердің астына жатуға мәжбүрледі – жезөкше
Ресей жерін қайта бөліске салу: орыстар Самара мен Челябі қалаларын Қазақстанға «сыйға тартты
Кімді мазақ қып тұр? Оразада крест тағып кешірім сұраған Алагөзованың басы дауға қалды