Еркектердің астына жатуға мәжбүрледі – жезөкше - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еркектердің астына жатуға мәжбүрледі – жезөкше

Еркектердің астына жатуға мәжбүрледі – жезөкше

Алматылық тұрғын біреулердің оны құлдыққа салып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін мәлімдеді.

  • 17 Мамыр 2018
  • 155
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақытта бұл іспен адвокат Айман Омарова айналысып жатыр деп жазады Tengrinews.kz.

Адвокаттың айтуынша, Сейфуллин даңғылында орналасқан притонда Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан және Қазақстан азаматшалары мәжбүрлі қызмет көрсеткен.

 «Маған ұзақ уақыт бойы құлдықта болған қыздар көмек сұрап хабарласты. Бұл тек бір қызға қатысты емес, құлдықта Қарақалпақстан, Өзбекстан мен Қазақстан азаматшалары да болған. Мен сол қызбен сөйлестім. Ол маған анасымен бірге интернатта тұрғанын, әкесінің өлімінен кейін осы мекемеден көщіп, жұмыс іздей бастағанын айтты. Содан бір такси жүргізушісі одан үй жинаутын адам керектігін айтып, жұмыс ұсынған. Алайда соңында оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Түнгі уақытта притонда жұмыс істеуіне тура келген. Қыздың айтуынша, притон Сейфуллин даңғылы мен Варшавский көшесінің қиылысында орналасқан», — дейді Айман Омарова.

«Біз ҚР Бас прокуратурасынан комиссия құрып, осы мәселеге назар аударуын сұраймыз. Осы адамдарды тауып, оған кімнің басшылық етіп отырғанын тауып беруін сұраймыз. Бұл өздерін қорғай алмайтын әйелдерге қатысты болып тұр», — деді адвокат.

Алматы қалалық ІІД мәліметінше, қыздың арызы ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы бойынша («Жезөкшелiкпен айналысуға тарту») сотқа дейінгі бірыңай тергеу реестріне тіркелді. Күдіктілер анықталды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, полиция өкілдері бұл қыздың 2009 жылдан бері Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының криминалдық есебінде тұрғанын айтып өтті.


Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қыз осыған дейін бірнеше рет полицияға жеткізілген.

Оқи отырыңыз: 

Ресей жерін қайта бөліске салу: орыстар Самара мен Челябі қалаларын Қазақстанға «сыйға тартты

Кімді мазақ қып тұр? Оразада крест тағып кешірім сұраған Алагөзованың басы дауға қалды

Қазақстанға турист әкелетін екі бағдарлама бар: Димаштың концерті мен біздің шоуымыз – Денис Те
 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар