Ресейлік миллиардер Ақтау әуежайын Түріктерден сатып алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік миллиардер Ақтау әуежайын Түріктерден сатып алмақ

Ресейлік миллиардер Ақтау әуежайын Түріктерден сатып алмақ

Ресейлік инженер және кәсіпкер Виктор Вексельберг Қазақстан мен Өзбекстанда әуежай сатып алғысы келеді.

  • 21 Ақпан 2020
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне экономикалық шолу" жобасының дерегінше, "Аэропорты регионов" холдингі (олигарх Виктор Вексельбергке тиесілі "Ренова" компаниялар тобына кіреді) Қазақстан мен Өзбекстанда әуежайлар сатып алу мүмкіндігін қарастыруда.

Атап айтқанда, ресейліктер Қазақстанның Ақтау қаласындағы қазір түркиялық инвесторлардың иелігіндегі халықаралық әуежайды сатып алғысы келеді. Ал Өзбекстаннан әуежай сатып алу мүмкіндіктері әзірге қарастырылуда, делінген хабарламада.

Ресейлік тағы бір холдинг "Новапорт" Өзбекстандағы Самарқанд, Наманган және Үргенч әуежайларын басқаруға алып, оларға реконструкция жүргізуге ниетті екенін мәлімдеді.

Виктор Феликсович Вексельберг – ресейлік инженер және кәсіпкер, басқарушы, миллиардер және өнер туындыларының коллекционері. "Сколково" қорының президенті, "Ренова" компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы.


"Роснефть" 2012 жылдың қазан айында TNK-BP-дің 50% үлесін сатып алғаннан кейін, Вексельберг Ресейдегі ең бай адам атанды: Bloomberg мәліметтері бойынша, оның байлығы 1,5 млрд долларға өсіп, 18 млрд долларға бағаланды; Вексельберг 2012 жылғы наурызда-ақ ресейлік миллиардерлер тізімінде Алишер Усмановтан 700 миллион долларға асып түскен.

Соңғы жаңалықтар