Жарияланды: 90

Ресейлік сарапшылар Мәжіліс сайлауының қорытындысын талқылады

Ресейлік сарапшылар Мәжіліс сайлауының қорытындысын талқылады

Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде жетекші ресейлік сарапшылар мен саясаттанушылардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлаудың қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Онлайн кездесуді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев аша отырып, ресейлік сарапшыларды Орталық сайлау комиссиясының жариялаған дауыс беру нәтижелерімен таныстырды, оның қорытындысы бойынша Мәжіліске Nur Otan, «Ақ Жол» және Қазақстанның Халық партиясы өтті. Билік өкілдері сайлау процесінің әділ және ашық өтуіне бар күшін салғанын атап өтті. Сонымен қатар, сайлау конституциялық мерзімге сәйкес өткенін және барлық партиялардың науқанға қатысуға дайындалып, сайлауалды тұғырнамаларын әзірлеуге, партиялық инфрақұрылымды жетілдіруге жеткілікті уақыты болғанын еске салды. Оның айтуынша, сайлаудың республика үшін маңызы зор, ал оның нәтижесі қазақстандықтардың бүгіні мен болашағы бар біртұтас ұлт ретіндегі ауызбіршілігін көрсетті.

РҒА Е.М.Примаков атындағы ӘЭХҚҰЗИ Посткеңестік зерттеулер орталығының Орталық Азия секторының меңгерушісі Дина Малышева сайлау науқанындағы бірқатар жаңалыққа назар аударды.

Олардың арасында Nur Otan партиясындағы праймериз, ОСК отырыстарының сурдоаудармамен онлайн-трансляциясы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беруі үшін жағдай жасауы бар. Оның пікірінше, Қазақстанның парламенттік жүйесі өзгеріссіз қалды, бірақ бағытын өзгертіп, сол арқылы елдегі және әлемдегі жағдайларға бейімделуде.

Сайлау нәтижелері Мәжілістің жаңа құрамына бұрынғыға қарағанда едәуір маңызды рөл жүктелгендігін көрсетеді, – деп түйіндеді Дина Малышева.

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Посткеңестік кеңістіктегі әлеуметтік және саяси процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры Дарья Чижова өткен көктемде әлеуметтанушылардың қоғамдық өзгерістерге жоғары сұраныс байқағандықтарын еске салды. Қазақстандық партиялар мұндай пікірлерге құлақ асуының нәтижесінде праймериз және ребрендинг өтті. Оның айтуынша, дауыс беру нәтижелері мемлекет басшысының бағытына сенім білдіреді. Nur Otan партиясы Мәжілістегі көп орнын сақтап қалды, бұл алдағы уақытта партияға тиімді реформалар жүргізуге мүмкіндік береді.

РҒА Шығыстану институтының Орталық Азия, Кавказ және Орал-Еділ аймақтарын зерттеу орталығының аналитикалық тобының жетекшісі Станислав Притчин сайлаудың пандемиялық жағдай кезінде өткенін атады.

Технологиялықтұрғыдан праймериз жаңа кандидаттарды ұсыну үдерісіне қоғамның қызығушылығын арттыратын жаңа терминге айналды, – деді Притчин.

Сарапшы атап өткендей, барлық өңірлерде өкілдіктерінің болуы және жұмыс істеп тұрған саяси құрылымның жергілікті билікті сақтандыруы Nur Otan партиясының табысқа жетуінің кепілі болып табылады.

Осы пікірмен «Минченко консалтинг» холдингінің басшысы Евгений Минченко да келісті.

NurOtan жас құрамы технологиялық жағынан озық болып шықты және праймериз өткізу кезінде оппозицияның жаңару жүйесіне тосқауыл қойды, – деді ол.

Сарапшы пікірінше, Қазақстанның Халық партиясының ребрендингін өте батыл қадам болды, сайлау алдындағы жарыс жағдайында бұл қадам қауіпті болып көрінгенімен, партия өз позициясын сақтап, Мәжіліске өтті.

Минченко Қазақстандағы сайлау тыныш және алдын ала болжағандай өткендігін, егер арандатушы жағдайлар болған болса, олар ауқымды сипатқа ие болмағанын баса айтты.

Тақырыпты ММХҚИ Халықаралық зерттеулер институтының саяси элиталарды зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Кирилл Петров жалғастырды. Оның айтуынша, бірқатар посткеңестік елдегі қазіргі алаңдатарлық жағдайларға қарамастан, Қазақстандағы билік жүйесі, ұрпақтар ауысуы және саяси реформалар өзара сабақтастықты сақтап келеді.

ММХҚИ Халықаралық зерттеулер институтының саяси элиталарды зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Андрей Казанцев сайлау үдерісіндегі прогрессивті өзгерістерге назар аударды.

Әйелдермен жастарға арналған сайлау тізіміндегі 30 пайыздық квота, праймериз, мүмкіндігі шектеулі жандарға дауыс беру үшін жағдайлар жасау сияқты жаңашылдықтар ұрпақтың өзгеру процесін ескере отырып, болашақтың негізін қалайды. Тұрақтылық пен реформаның үйлесімділігін таба білу әрдайым Елбасының басшылығымен Қазақстанның саясатын ерекшелеп келеді. Бұл дәстүрлердің әлі күнге дейін сақталғаны қуантады, – деді Казанцев.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 қаңтардағы «еститін мемлекет» құруға, әділдік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетуге және бекітуге бағытталған елдегі реформалардың жаңа пакеті туралы жариялайтын үндеуін тағатсыздана күтетіндіктерін атап өтті.

Елші сарапшылар арасындағы байланыстың дипломатиялық практика мен қоғамдық диалогты дамытуда маңызды орынға ие болып, жаңа креативті тәсілдерді табуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысын білдіре отырып, ол Елшіліктің диалог алаңын қазақстандық және ресейлік сарапшылардың көптеген мәселе бойынша ашық талқылаудың мүмкіндігі ретінде белсенді пайдалануды ұсынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін