Ресейлік және қазақстандық компаниялар серіктік байланысты дамыту туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік және қазақстандық компаниялар серіктік байланысты дамыту туралы келісімге қол қойды

Ресейлік және қазақстандық компаниялар серіктік байланысты дамыту туралы келісімге қол қойды

Ресейлік "Ғарыштық байланыс" компаниясы және қазақстандық "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" серіктік байланысты дамыту саласында ынтымақтасуға келісті.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 500
Фото - Caravan.kz

"Ынтымақтастық туралы меморандумға "Ғарыштық байланыстың" бас директоры Юрий Прохоров және "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-ның президенті Виктор Лефтер қол қойды. Құжат 2019 жылға дейін күшінде, одан кейін оның мерзімі ұзартылуы мүмкін", делінген "Ғарыштық байланыстың" сайтында берілген хабарламада.

Келісімге орай ғарыштық аппараттарды басқару мен хабар тарату саласында, ғылыми зерттеулер жағынан тәжірибе алмасу көзделген, бірлескен инженерлік-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарланған, бірлескен ғылыми-практикалық шараларды ұйымдастыру ойластырылған.