Ресейдің Пермь қаласында туып өскен 14 жастағы Влада Дзюба Шанхай қаласына келісімшарт бойынша үш айға кеткен.
25 қазан күні жасөспірім қыздың дене қызуы көтеріліп, халі нашарлағаннан кейін ол комаға түсіп, 2 күннен кейін көз жұмған.
Мектеп оқушысы бұл сапарға ата-анасыз жалғыз кеткен. Оның үстіне Владаның Қытайға жасаған сапарында медициналық сақтандыру болмаған.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ресейлік жас сәнгер менингиттен көз жұмған. Владаның анасы қызының Қытайдағы сапары кезінде қатты шаршағандығын айтты.
«Ол маған қатты шаршағандығын. Мен өзім ұйықтаған жоқпын, оған емханаға бару туралы қайта-қайта айттым», — деді анасы.
Басылымның жазуынша, мектеп оқушысының трагедиялық өлімі сән индустриясына балаларды тарту қоғамдық проблемасын туғызып отыр.