Ресейліктер алдағы 10-15 жылда "Батыс Еуропа - Оңтүстік -Шығыс Азия" бағытындағы жүк тасымалы екі есеге ұлғаяды деп топшылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейліктер алдағы 10-15 жылда "Батыс Еуропа - Оңтүстік -Шығыс Азия" бағытындағы жүк тасымалы екі есеге ұлғаяды деп топшылауда

Ресейліктер алдағы 10-15 жылда "Батыс Еуропа - Оңтүстік -Шығыс Азия" бағытындағы жүк тасымалы екі есеге ұлғаяды деп топшылауда

Астана. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" -Алдағы 10-15 жылда "Батыс Еуропа - Оңтүстік -Шығыс Азия" бағытындағы жүк тасымалы екі есеге ұлғаяды. Мұндай пікірді бүгін бесінші "Қазавтодор - 2008" халықаралық көрмесі кезінде РФ -ның Қазақстандағы сауда өкілі міндетін атқарушы Юрий Жужома мәлімдеді , деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Наурыз 2008
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Ресей Қазақстанмен берлесе отырып көлік саласын дамытуға және арадағы қатынастарға үлкен мән береді. Әсіресе, «Батыс Еуропа — Оңтүстік -Шығыс Азия» бағытындағы көлік дәлізінің дамуына айрықша назар аударады», — деді Ю. Жужома.

«Жыл сайынғы экономика түсімі 7 пайызды құрайтынын ескере отырып есептейтін болсақ, онда 10-15 жыл аралығында бұл бағыттағы жүк тасымалының екі есе ұлғаятынын күтуге болады. «Бұл бағыттағы жүк тасымалының бағасы $40 — 50 млрд құрауы мүмкін», — деп есептейді сауда өкілі.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің көлік жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков атап өткеніндей, бүгінгі кезде Қазақстанда 2015 жылға арналған көлік стратегиясы мен 2012 жылға дейінгі жеті жылдық көлік саласын дамыту жоспары жүзеге асырылуда. «Стратегияны жүзеге асыру аясында $30 млрд ақшаға 80 ірі инвестициялық жобаны іске асырып, 50 мың шақырымға созылып жатқан ескі және жаңа жол құрылыстарын жасау жоспарланған», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті