Ресейліктердің үштен бірінен астамы кітап оқымайды - қоғамдық пікір - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейліктердің үштен бірінен астамы кітап оқымайды - қоғамдық пікір

Ресейліктердің үштен бірінен астамы кітап оқымайды - қоғамдық пікір

Әлеуметтанушылар Ресейде оқырмандар саны қысқара түскенін тіркеуде - ресейліктердің үштен бірінен

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 546
Фото - Caravan.kz

астамы қолына кітап алмайды, төрттен үші оған 50 рубльден артық ақша шығындауға әзір емес, дегенмен кітаптарды интернет желісінен қотарып алушылар саны артып келеді, әрбір бесінші оқырман әдебиеттермен интернет арқылы танысады, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығына сілтеме жасап.  

Зерттеу мәліметтеріне қарағанда, ресейліктердің үштен бірі (34%) кітаптарды дүкендерден немесе қолдан сатып алады. Тағы 24 пайызы кітаптарды таныстарынан, достарынан немесе туыстарынан алып оқиды.

Дегенмен соңғы бес жылда интернеттен әдебиеттер қотарып алатын ресейліктер саны 3,5 есе өскен — 2014 жылы респонденттердің 18 пайызы әдебиеттермен осылайша танысқан. Ал сауал салынғандардың 17 пайызы көбіне үй кітапханасынан оқиды, ал қалалық кітапханаларды пайдаланушылар респонденттердің 8 пайызы ғана болған.  Жоғары оқу орны немесе кәсіпорындар жанындағы кітапханалардан кітап алушылар 2 пайыз-ақ болыпты.  Сауал алынғандардың 15 пайызы кейде ескі кітаптарды букинистерден сатып алатынын, ал 7 пайызы төмен бағаға қажетсіз кітаптарды алатынын айтқан.

1,5 мың рубльге жаңа кітап сатып алуға ресейліктердің 5 пайызы ғана әзір, респонденттердің жартысы (54 пайыз) 200 рубльдің жаңа кітаптарын алуға келіседі, ал сауал салынғандардың көпгшілігі (73 пайызы) 50 рубльден артық сомаға кітап сатып алғысы келмейді.


Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы бұл сауалнаманы осы жылғы 24-25 мамырда жүргізген, оған Ресейдің 42 облыстары, өлкелері және республикаларындағы 130 елді мекеннен 1,6 мың адам қатысқан.