Ресей, Қазақстан, Беларусь президенттері қазан айының соңында Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеіес саммитінде кездеседі, деп Беларусь премьері Михаил Мясникович мәлімдеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің үкімет басшылары деңгейіндегі отырысы барысында М.Мясникович алдағы саммитке дайындыққа байланысты үкімет басшыларының кездесуінің маңыздылығын атап көрсетті.
Ресей, Беларусь, Қазақстанмен қатар отырысқа Қырғызстан және Украина қатысуда. Олар осы ұйым жанындағы бақылаушы елдер.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын ашу кезінде Қазақстан үкіметінің басшысы Серік Ахметов бүгінгі кездесуде күн тәртібінің мәселелері бойынша өзара келісімге қол жеткізіледі деген сенім білдірді.