Ресей-Украина шекарасында жүздеген жүк көлігі кептеліп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей-Украина шекарасында жүздеген жүк көлігі кептеліп тұр

Ресей-Украина шекарасында жүздеген жүк көлігі кептеліп тұр

Бүгін Қазақстаннан бөлек, тағы бірнеше мемлекет Ресейді халықаралық деңгейдегі кептеліс ұйымдастарды деп айыптады. Себебі Украина мен Ресей шекарасында жүздеген жүк көлігі арлы-бері өте алмай жатыр. Арасында біздің елдің жүргізушілері де бар.

  • 1 Қараша 2013
  • 437
Фото - Caravan.kz

Қазақстан, Украина, Түркия, Молдова, Беларусьтық көліктердің кептелуіне Ресейдің тосынан енгізген өзгерісі себеп. Осыған дейін жүк алып өту үшін бір ғана тасымалдау кітапшасын көрсетсе жеткілікті еді. Енді Ресей кеденшілері қағазбастылықты көбейтіп отыр. Яғни жүргізушілер әдеттегі кітапша орнына — баж салығы төленгенін растайтын анықтама, банктен кепілдеме немесе кепілге мүлік қойғанын растайтын қаптаған құжаттарды  көрсетуі тиіс. Ал жолдан қалғандар мұны алдын-ала ешкім есертпеді деп күйініп отыр.


Теодор Каплан, Қазақстан көлік тасымалдау Одағының бас хатшысы:  

— Бұл кептеліс ешкімге пайда әкелмейді. Зардап шегетін отандық кәсіпкерлер. Олардың  келісім-шарты бұзылып орасан шығынға батады. Оның үстіне елімізге әкеліне жатқан импорттық тауардың бағасы өседі.