Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарлады.Айта кетейік, кеше кешқұрым қатты боранға байланысты аталған екі облыстың аумағындағы бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелген болатын.
«Қазіргі уақытта «Қазақавтожол» РМК филиалдарының арнайы техникалары бұл жолдарды тазалау жұмыстарын жалғастыруда. Жалпы республика бойынша бүгінде 300-ден астам техника жолдарға кезекшілікке шығарылды», — делінген таратылған мәліметте.