«Менің Қырғызстан мен Өзбекстанға кейінгі уақытта жасаған сапарларымның аясында осы ел үкіметтерімен тиісті келіссөздер жүргізуге байланысты біртұтас энергетикалық жүйе құру мүмкіндігі және өзара электр қуатын жіберудегі ықпалдастық жөнінде Өзбекстан және Қырғызстан үкіметтерімен жеке келіссөздер жүргізуді тапсырамын», — деді К. Мәсімов.
Сонымен бірге премьер-министр энергетика министрлігіне «Қамбарата-1 мен Қамбарата-2 құрылысы елшіміз өңірлеріндегі, атап айтқанда, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы су балансына қалай әсер ететіндігі жөніндегі мәселені қарауды» тапсырды. «Біз бұл құрылысты салудың зардаптарын нақты түсінуіміз қажет, өйткені, бізбен көршілес бірқатар мемлекеттер осы мәселеге қатысты алаңдаушылық білдірді», — деді К. Мәсімов. Үкімет басшысы «бір тауқыметті шешу есебінен екінші салада қысым түзуге болмайтынын» ескертті.
Сонымен бірге үкімет басшысы тамыздың үшінші онкүндігінде энергетика министрін және өз өңірлерінде электр энергетикасын дамыту мәселелеріне жауап беретін әкім орынбасарларын, еліміздегі негізгі электр қуатын өндірушілерді, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мамандарын шақыра отырып электр қуатын өндіру мәселелері бойынша үкіметтің арнайы отырысын өткізуді тапсырды. «Менің пайымдауымша, елімізде қазір электр қуаты өндірісі біркелкі дамымаған, біз осыған байланысты үкіметтің жауапкершілігін, қай жерде бюджеттің қаржысы қажеттігін, қай тұста электр қуатын өндіру проблемасын үкімет пен жеке меншік сектордың әріптестігі негізінде шешу қажеттігі жөнінде, қай тұста жеке меншік инвестиция қажеттігін, бұдан былай қандай тарифтік саясат жүргізілетінін айқын түсінуге тиіспіз»,- деді К.Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті