Республикадағы астық түсімі бункерлік салмақта 17,8 млн тоннаны құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикадағы астық түсімі бункерлік салмақта 17,8 млн тоннаны құрайды

Республикадағы астық түсімі бункерлік салмақта 17,8 млн тоннаны құрайды

АСТАНА. 3 - тамыз. Kazakhstan Today. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, Қазақстандағы астық түсімі үстіміздегі жылы бункерлік салмақта 17,8 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылық министрлігінің алқасында егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің орынбасары Талғат Ажғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Тамыз 2007
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Алдын ала жасалған мәліметтер бойныша, жалпы республика бойныша үстіміздегі жылы бір гектарынан 14,6 центнер өнім шыққан жағдайда бункерлік салмақта 17,8 млн тоннаға жуық астық жиналады, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 0,5 млн тонна және 1,4 центнерге төмен»,- деді Т. Ажғалиев. Ол сондай-ақ «көрсетлген көлемнің өзгеруі мүмкін екендігін де жоққа шығара алмайтындығын» айтып өтті.

«Облыстық департаменттердің алдын ала берген мәліметтері бойынша, астық түсімінің жалпы жинағы үстіміздегі жылы оңтүстік облыстарда бір гектарынан 19,5 центнер өнім алу барысында қайта өңдеуден кейінгі салмағы 2,2 млн тоннаны құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда тиісінше қайта өңдеуден кейінгі салмақпен 143 мың тоннаға және 2,5 центнерге көп»,- деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, ол 2-тамыздағы жағдаймен астықтың 68 пайызы жақсы жағдайда, 30 пайызы қанағаттанарлық, 2 пайзы нашар жағдайда екендігін атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті