Республикалық бюджеттің 2009 жылғы кірісі 2 трлн теңге болады деп болжануда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық бюджеттің 2009 жылғы кірісі 2 трлн теңге болады деп болжануда

Республикалық бюджеттің 2009 жылғы кірісі 2 трлн теңге болады деп болжануда

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Республикалық бюджеттің 2009 жылғы кірісі 2 трлн теңге болады деп болжануда. Бұл туралы бүгін Қазақстан парламентінің мәжілісінде "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 386
Фото - Caravan.kz

«2009 жылы Республикалық бюджеттің кірісі трансферттік түсімдерді ескермегенде 2 трлн 199,4 млрд теңге болады деп күтілуде, бұл 2008 жылғы деңгейден 35,6 млрд теңгеге артық», -деді Б. Сұлтанов.

2010 және 2011 жылдарда кіріс түсімдерін оның алдындағы жылғы деңгеймен салыстырғанда тағы да тиісінше 262 млрд және 339 млрд теңгеге ұлғайту жоспарлануда. Болжамда салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты республикалық бюджеттің шартты шығындары келесі жылы 534,5 млрд теңгені құрайды деп есептелген. Осы орайда роялтиді пайдалы қазба өндіруге салынатын салықпен алмастыруға және салық жеңілдіктерін қысқартуға байланысты түсетін қосымша түсімдер ескерілген.

«Салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты шығындарды өтеу мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылатын кепілді трансферттер көлемі ұлғайтылды, ол 2009 жылы 843 млрд теңгені, 2010 жылы — 1 трлн 76 млрд теңгені және 2011 жылы — 1 трлн 12 млрд теңгені құрайды», -деді Б. Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар